Жетісуда бір отбасының үш баласы өрттен көз жұмды: әкімдіктен қандай көмек көрсетіледі
Жарияланған күні:

Жетісу облысында үйдегі өрттен көз жұмған бір отбасының үш баласы Талдықорған қаласы маңына жерленді. Әкімдік қаралы отбасын сол ауылда уақытша баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна дерегінше, әкімдік қаралы отбасын сол ауылда уақытша баспанамен қамтамасыз ететінін мәлімдеген. Бұған дейін бір жылдан бері үй жалдап тұрып жатқан. Төрт балалы ерлі-зайыптының отағасы ғана жұмыс істеген. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, отбасы Талдықорған қаласында үй кезегінде тұрған, ал Ескелдіде уақытша тұрақтаған төтенше жағдайлар департаменті өрттің себептерін анықтап жатыр, басқа ақпарат берілмеді.
Полиция қылмыстық іс қозғадық деп қысқа қайырды. Қайғылы оқиға болған күні таңертең осы үйдің 38 жастағы отағасы Талдықорғандағы жұмысына кеткен. Өрт таңғы сағат 7-ден өте тұтанған. Қара түтін басқан үйден жанұшыра 34 жастағы келіншек пен 14 жастағы баласы қашып шығыпты. Көршілерін оятып көмек сұраған. Бір көршісі түтіннен 6 жастағы баланы алып шыққанынмен, ол тұншығып жан тапсырған.
"Көрші жігіт шыдай алмай есіктен кіреді, ол кезде үйдің қабырғалары жанып жатқан. Кіре сала, бес жасар баланы терезеден сыртқа лақтырып жібереді. Үйдің төбесі жанғанда ана жігіт қорыққан, терезеден секіріп түскен. Үйдің іші, бәрі жанып жатыр, пластик терезе жанып жатыр, екі бала іште қалып қалды", - дейді көршісі Салтанат Мухиева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2434770-zhetisuda-bir-otbasynyng-ush-balasy-ortten-koz-zhumdy-akimdikten-qandai-komek-korsetiledi/
