Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің себебін атады
Жарияланған күні:

Алматыда 28 қыркүйекте таңғы уақытта болған бірнеше жер сілкінісіне қатысты мамандар пікр білдірді. Олар таңғы 6:32-де тіркелген алғашқы дүмпу сағат 9:38-дегі сілкіністің форшогы болғанын, яғни, қуатты сілкіністің алдында әлсіз тербеліс сезілгені, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сейсмолог, әрі геофизик Мұхтар Хайдаров бұл құбылысты жер сілкіну ошағындағы жоғары жиілікті тербеліспен байланыстырады. Сондай-ақ антропогендік факторлар да әсер етуі мүмкін дейді.
Жыл сайын әлемде 20 мыңға жуық, ал тәулігіне 55 жер сілкінісі тіркеледі. Алайда бұл зілзаланың көбейгенін білдірмейді. Керісінше, жаңа технологиялар әрбір тербелісті дәлірек тіркейтін болған. Алайда, дүмпулерді алдын-ала болжау әзірге мүмкін емес, дейді ғалым.
"Таудағы қар мен мұз еріп, жерге жетті ғой. Осыған байланысты күзге қарай кейбір жер сілкіністер жыл сайын болады ғой олар. Одан қорқатын ештеңе жоқ. "Фоновый" дейді орысша айтқанда. Қазақша айтқанда бола беретін нәрселер. Ол бір. Екінші, қалада суды жер астынан тартып алады. Сондықтан ол да енді жердің жағдайын өзгертеді", -деп атап өтті сейсмолог, геофизик Мұхтар Хайдаров.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2434791-seismologtar-almatyda-bolgan-zher-silkinisining-sebebin-atady/
