"Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қайтыс болды": ақпаратқа қатысты құзырлы орган пікір білдірді
Жарияланған күні:

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпаратты бұрмалап тарату әрекетін тіркеді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі Орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес, әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырады", - делінген хабарламада.
- "Әскер – қорқыныш пен үрейге толы жер болмауы керек": Қазақстанда әскери реформа жоспары әзірленеді
- "Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық": Тоқаев Каспийде болған трагедияға қатаң баға берді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2434797-manggystau-oblysynda-tagy-bir-sarbaz-qaitys-boldy-aqparatqa-qatysty-quzyrly-organ-pikir-bildirdi/
