jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанай облысында ағаш кесетін цехта өрт шықты (видео)

    өрт
    Өрт. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Қостанай облысындағы ағаш кесу цехының аумағында өрт шықты – ағаш жоңқасы мен бөренелер жанды. Оқиғаның мән-жайын Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Қостанай облысының "112" пультіне Тобыл қаласындағы ағаш кесу цехының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде үгінділер мен бөренелердің ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды.

    ТЖМ қызметкерлері дереу өрт сөндіруге кірісті. Өрт 150 шаршы метр аумақта сөндірілді.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Қостанай облысында ағаш кесетін цехта өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram