jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Семейдегі ағаш кесу цехында өрт шықты (видео)

    өрт ошағы
    Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: ТЖМ

    Семейде ірі өрт шықты. Глинки көшесінде пилорама өртенген. Өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Самат Еңкебаевтың айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде 400 шаршы метр аумақта жиналған ағаш материалдары мен 300 тонна көлеміндегі қабықтың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

    Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді.

    Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 14 техникасы мен 47 қызметкері тартылды.

    Өрт таңғы сағат 9.00-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Семейдегі ағаш кесу цехында өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram