jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

    Қонаевтағы өрт
    Қонаевтағы өрт. Видеодан кадр: ТЖМ

    Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде жіберілді.

    "Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды.Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан 120 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Бұған дейін Семейде ағаш кесу цехы өртке оранғаны хабарланған.

    Қонаевта бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram