jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда лифт құлады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

    лифт
    Оқиға болған жер. Фото: instagram.com/atyrau_qalasy_akimdigi

    Атырауда төрт жолаушы мінген лифт құлады – оқиға лифтілерді ауыстыру жоспарланған кешенде болды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    Лифт құлаған сәтте кабинада төрт адам болған: үшеуі ауруханаға жеткізілді, ал бір адам медициналық көмектен бас тартты.

    Дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жеткізілген тұрғындар үйлеріне қайтарылды.

    Оқиға "Гранд Атырау" тұрғын үй кешенінде болғаны хабарланды, онда жеті лифтіні, соның ішінде құлаған лифтіні де ауыстыру жоспарланған.

    "Біз балаларымыз үшін алаңдаймыз. Таңертең кетеді, кешке оралады. Егер сол сәтте менің балаларым ішінде болса ше? Немесе өзіміз болсақ ше? Әрине, көп нәрсе тұрғындардың өзіне де байланысты. Төрт адамға арналған деп жазылған болса, демек, төртеу ғана міну керек. Ережені сақтау қажет", - деді жергілікті тұрғын Шаттық Смағұлова.

    Оқиғадан кейін қаладағы барлық лифтіні тексеру туралы шешім қабылданды.

    Ал Атырауда 67 лифтіні ауыстыру қажет.

    ""Гранд Атырау" тұрғын үй кешеніндегі барлық жеті лифт терможаңғырту бағдарламасына енгізілген. Атырауда барлығы 180-ге жуық тұрғын үйде 567 лифт жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері негізінде олардың 67-сі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Алайда республикалық бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты бұл жұмыстар әзірге басталған жоқ", - деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.

    Бұған дейін Атырау әкімі Данияр Таханов оқиға орнына барып, жағдаймен танысқанын, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен тілдескенін жазғанбыз.

    Атырауда лифт құлады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram