jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада тұрақта тұрған бес автокөлік өртенді (видео)

    өртенген көлік
    Өртенген көлік. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Астанадағы Сарайшық ауданны Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің маңындағы көлік тұрағында өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

    Астанада өрт сөндірушілер көлік тұрағындағы өртті сөндірді. Өрт Сарайшық ауданындағы тұрғын үй кешені жанында болған.

    "Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде көліктің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған", - дейді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері.

    Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    "Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

    Астанада тұрақта тұрған бес автокөлік өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram