jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлытаудағы қоқыс полигонында өрт шықты (видео)

    ҚТҚ полигонындағы өрт
    ҚТҚ полигонындағы өрт. Видеодан алынған кадр: ҚР ТЖМ

    Ұлытау облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді – ТЖМ өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде болған.

    "Өртті сөндіруге ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнына 20-ға жуық қызметкер және 8 техника тартылды", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіру жұмыстары қатты түтінге байланысты қиындаған, бұл өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысына кедергі келтірген.

    Қазіргі уақытта ауданы 470 шаршы метр болған өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

    Ұлытаудағы қоқыс полигонында өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram