jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда екі қабатты кафеден өрт шықты

    Өрт
    Өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Алматының Алатау ауданындағы екі қабатты кафеде өрт шықты – ТЖМ оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін таңертең "112" пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Емцов көшесінде орналасқан кафеде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті", - делінген хабарламада.

    ТЖМ-ның мәліметінше, алғашқы күштер мен құралдар келген кезде екі қабатты кафенің екінші қабатындағы бар сөресі мен жиһаздың жанып жатқаны анықталған.

    20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Алматыда екі қабатты кафеден өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram