jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада автотұрақта тұрған бес бірдей көлік өртенді: алдын ала себебі айтылды

    Көлік өртенді1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанадағы автотұрақта бес көліктің өртенуіне бір көліктегі электр сымдардың тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Біз бұған дейін Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенгенін жазған болатынбыз – өрт салдарынан екі көліктің иесі зардап шекті.

    NUR.KZ тілшісі оқиғаның себебін анықтау үшін Астана қалалық полиция департаментіне хабарласты.

    "Алдын ала мәліметтерге сай, көліктердің бірінде электр сымдары тұйықталып, соның салдарынан өрт шыққан. Өрттің нәтижесінде төрт көлік толығымен жанып кетті, тағы біреуі ішінара зақымданды. Бір адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

    Оқиғаның барлық мән-жайы, өрттің шығу себептері, сондай-ақ келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

    Астанада автотұрақта тұрған бес бірдей көлік өртенді: алдын ала себебі айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram