Батыс Қазақстан облысында орман өртенді
Жарияланған күні:

2026 жылғы 12 қазанда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 1 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өңірлер бойынша:
Батыс-Қазақстан облысы – 1 өрт.
Батыс Қазақстан облысында өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды.
Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы мамандары мен арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошағы толық өшірілді.
"Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және отты пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырамыз,-делінген министрліктің хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2441641-batys-qazaqstan-oblysynda-orman-ortendi/