jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде студенттер жатақханасынан өрт шықты (видео)

    Өскеменде жатақхана өртенді
    Өскеменде жатақхана өртенді. Кадр: t.me/qr_tjm

    Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ ресми Telegram-арнасында.

    Ведомство дерегінше, жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастырған.

    Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өскеменде студенттер жатақханасынан өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram