jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Пәтерден өрт шықты: Өскеменде түтін басқан аймақтан сегіз бала құтқарылды

    Әйел мен бала
    Әйел мен бала. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылардың көмегі қажет болды. Түтін басқан аймақтан автосатының көмегімен 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өскеменде Момышұлы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Пәтерде жиналған заттар мен жиһаз жанған.

    "ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетті. Барлау және өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар автосатының көмегімен түтін басқан аймақтан 12 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды.

    Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    ТЖМ тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

    Пәтерден өрт шықты: Өскеменде түтін басқан аймақтан сегіз бала құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram