jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Семейде тоғыз қабатты үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

    Семейдегі тұрғын үйде жарылыс болды
    Семейдегі тұрғын үйде жарылыс болды. Кадр: t.me/qr_tjm

    Семейдегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында газ баллоны жарылды. Құтқарушылар өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство Telegram-арнасының дерегінше, ТЖМ құтқарушылары Абай облысында көп қабатты үйдегі өртті сөндірген.

    "112" пультіне Семей қаласының Қарағайлы шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

    "Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бірінші қабаттағы балконда макулатура мен жиһаздың жанып жатқаны анықталды.

    Жоғары температураның әсерінен балконда тұрған бос газ баллонындағы газ тұтанған. Соның салдарынан терезе әйнегі зақымданған", - делінген хабарламада.

    Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Семейде тоғыз қабатты үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram