jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    ШҚО жолдарында көлік қозғалысы шектелді

    Тұман
    Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың бірінде тұманға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті.

    Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шектеу ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда ауа температурасының төмендеуі мен тұманға байланысты енгізіліп отыр.

    "Облыстық маңызы бар "Өскемен-Тарғын-Самар" тасжолының 82-145 шақырымында (Тайынты ауылы мен Самар ауылының арасы) дөңгелегі қыстыққа ауыстырылмаған көлік құралдарына, тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген ақпаратта.

    Құтқарушылар өңір тұрғындарына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

    ШҚО жолдарында көлік қозғалысы шектелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram