jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, балалар эвакуацияланды

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қызылорда облысындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Қызылорда қаласындағы Жаспасбай батыр көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

    Өрт сөндіру барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, көрші пәтерлерден үш адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толықтай сөндірілді. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Төтенше жағдайлар министрлігі тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қосулы тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауды, электр сымдарының жарамдылығын қадағалауды және өрттің алғашқы белгілерін елеусіз қалдырмауды сұрайды. Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет", - деді ведомстводағылар.

    Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, балалар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram