jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ықтимал жарылыстың алдын алған: Астанада кафеден өрт шықты

    өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Иллюстрациялық фото: boonchai wedmakawand/Getty Images

    Астананың Есіл ауданындағы кафелердің бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан кафеде өрт болғаны хабарланды. Өрт ас үй бөлмесінде шыққан.

    "Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде фритюрницаның ішіндегі май жанып жатқаны анықталды. ТЖМ күштері ғимараттан 4 оттегі баллонын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

    5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

    Ықтимал жарылыстың алдын алған: Астанада кафеден өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram