Кентауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 32 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды
Жарияланған күні:

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Төле би көшесінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минут ішінде жеткен. Құтқарушылар келген кезде шатыр ашық жалынмен жанып жатқан.
"Өрт 250 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. ТЖД күштері баспалдақ арқылы 32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады", - дейді ТЖМ өкілдері.
Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2443878-kentauda-kopqabatty-turgyn-uiden-ort-shyqty-32-adam-onyng-ishinde-7-bala-evakuatsiialandy/