Астанада ер адам үш метрлік орға құлап кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада құтқарушылар үш метрлік орға құлаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылардың мәліметінше, 103 қызметінен Астананың Байқоңыр ауданындағы Солтүстік айналма тасжолында ер адамның орға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен.
Апаттық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен адам экскаватор және зембілдің көмегімен тереңдігі шамамен үш метр болатын ордан шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2444012-astanada-er-adam-ush-metrlik-orga-qulap-ketti/