Ақтөбеде өрт шыққан үйден бес адам құтқарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өткен түні Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бес адам құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Өткен түні Ақтөбедегі Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қойма бөлмесінен өрт шыққан.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сөндірілген. Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттың жоғарғы қабаттарынан бес адамды құтқарған.
Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2444036-aqtobede-ort-shyqqan-uiden-bes-adam-qutqaryldy/