Шымкентте көлік жөндеу орталығында болған өрттен екі жұмысшы зардап шекті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шығып, салдарынан екі жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға Тұран ауданында болған.
Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 17 қазанда сағат 19:04-те Тұран ауданындағы Темірлан тасжолында орналасқан көлік жөндеу орталығының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті. Жалын екі жеңіл автокөлікті және ғимараттың шатырын шарпыды.
Өрт 56 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 19:32-де өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді", - деп хабарлаған ведомстводан.
Агенттіктің жазуынша, өрт салдарынан көлік жөндеу орталығының екі қызметкері жеңіл дәрежеде күйік шалып, медициналық мекемеге жеткізілген.
Мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2444077-shymkentte-kolik-zhondeu-ortalygynda-bolgan-ortten-eki-zhumysshy-zardap-shekti/