jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Оралда өрт шыққан үйден балалар эвакуацияланды

    Оралдағы өрт
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Оралдағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өртенген пәтерден әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Оралда Гагарин көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Жалын жиһаз бен жеке заттарды шарпыған.

    "Өрт сөндіру барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері әйел адамды құтқарды. Сонымен қатар жоғарғы және төменгі қабаттардағы пәтерлерден 12 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. 10 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Оралда өрт шыққан үйден балалар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram