jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БҚО-да жол бойында трактор мен 30 орам шөп өртенді

    Өрт
    Өрт. Иллюстрациялық фото: SashaFoxWalters/Getty Images

    Батыс Қазақстан облысында тонналаған шөп тиелген трактор өртенді – өрт автожол бойында болған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында болған. Ведомство нақтылағандай, шөп тиелген трактор өртенген.

    "Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде трактор мен жалпы салмағы 7,5 тонна болатын 30 орам шөп отқа оранған. Өрт автомобиль жолының бойында болған", - делінген хабарламада.

    Өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

    "ТЖМ ескертеді: ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және шөп тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз", - деді құтқарушылар.

    БҚО-да жол бойында трактор мен 30 орам шөп өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram