Ақмола облысында жеке үй ауласында 25 тонна шөп жанды (фото)
Жарияланған күні:

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жеке үй ауласында өрт шығып, 25 тонна шөп жанды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Жақсы ауданының Жаңа-Қима ауылында жеке тұрғын үй ауласында жалпы көлемі 25 тонна шөп өртенген.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, Запорожье ауылындағы "Ауыл құтқарушылары" және "Жана-Жол" ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрылымы жедел жеткен.
Өрт толық сөндірілген. Жалынның таралуына жол берілмеген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – отпен абайсыз жұмыс істеу.
"Осындай жағдайлардың алдын алу үшін шөпті сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және мая маңында ашық отты пайдаланбау қажет. Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз", - деп қауіпсіздік шараларын еске салды ТЖД.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2445621-aqmola-oblysynda-zheke-ui-aulasynda-25-tonna-shop-zhandy-foto/