jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда өрт кезінде шатыр опырылып, төрт адам ауруханаға түсті

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматыда тұрғын үйдегі өрт кезінде шатыр опырылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, оқиға Алматының Алатау ауданына қарасты Айгерім-1 шағынауданындағы Пригородная көшесінде болған. Мұнда екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген.

    "Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде шатырдың бүкіл аумағы ашық жалынмен жанып жатқан.

    Металл жабынды шатырдың ағаш торламасы арқылы өрт тез таралған. Жалынның көршілес тұрғын үйлерге таралу қаупі болды. Алайда өрт сөндірушілер оттың көрші үйлерге таралуына жол бермеді", - делінген хабарламада.

    Өрт 180 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Алайда өртті сөндіру барысында шатыр опырылып түскен.

    Медициналық көмек қызметі төрт адамды ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.

    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Алматыда өрт кезінде шатыр опырылып, төрт адам ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram