Ақтөбе облысындағы шахтада үңгуші қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы "Казхром" компаниясы хабарлады, деп жазады "Диапазон".
"Казхром" ресми хабарламасына сай, 20 қазанда Хромтау ауданындағы "Болашақ" шахтасында қайғылы оқиға болған. Сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасы опырылған.
Жарияланымда төтенше оқиға салдарынан шахта үңгушісі ауыр жарақат алып, көз жұмғаны айтылған.
"Тергеу жүріп жатыр. Кәсіпорын басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деп атап өтті кәсіпорында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2446062-aqtobe-oblysyndagy-shahtada-unggushi-qaza-tapty/