jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы ғимаратта шыққан өрт: куәгерлер мән-жайды баяндады

    Алматыда екі қабатты ғимарат опырылды
    Алматыда екі қабатты ғимарат опырылды. Кадр: "Астана" телеарнасы

    Алматыда екі қабатты нысан өртенді. Жатақхана типтегі ғимаратта бірнеше отбасы тұрып жатқан. Өрт кезінде шатыр опырылып, төрт адам зардап шекті. Оқиғаның мән-жайын тұрғындар айтып берді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Бұл- Айгерім-1 шағын ауданындағы екі қабатты ғимарат. Тұрғындар жарылыстың қатты дауысын естідік дейді. Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр  жанып жатқан. Металл шатырдың астындағы ағаштар арқылы өрт тез таралған. Жалынның көрші үйлерге де өту қаупі болды. 180 шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде шатыр опырылып түскен.

    "Жарылыстың даусынан ояндым. Кейін ғимараттың өртеніп жатқанын көрдім. Адамдарды шығара бастады. Кем дегенде екі адамның денесі қатты күйіп қалған күйде шығарылғанын көрдім. Өте ауыр жағдайда болды", - дейді тұрғындардың бірі Сергей Михайлов.

    Тағы бір тұрғын Гүлнар Бигалиқызы қатты от шыққанын айтады.

    "Қатты от шықты, Мен корқып кеттім. Мен ойладым "Ойбай, әже, қаш!" деп, ана әжені былай қорғап тұр едім, бір кезде бүкіл от жанып шықты. Ана жерде адамдар айғайлап жатыр, жылап жатыр. Екі бала 90 пайыз күйіп қалды деп айтты", - дейді ол.

    Оқиға салдарынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастардың қазіргі жағдайын айтты.

    "Зардап шеккен екі науқас жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр. Тағы екі науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады. Барлық зардап шегушіге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр", - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиева.

    Ғимараттың біраз бөлігі бүлінген. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    Алматыдағы ғимаратта шыққан өрт: куәгерлер мән-жайды баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram