Щучинскіде тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 75 адам эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:

Кеше түнде Щучинскідегі тоғыз қабатты ғимаратта өрт шықты. Құтқарушылар 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Щучинск қаласында тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс жанды.
ТЖД күштері автосатының көмегімен және баспалдақ маршы арқылы 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.
Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2446260-shuchinskide-togyz-qabatty-uiden-ort-shyqty-75-adam-evakuatsiialandy-video/