Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болды: зардап шеккендер бар
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде болды делінген жарылыс туралы ақпаратты бөлісіп жатыр. Қала әкімдігі оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы Barys_media парақшасында Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болғаны туралы мәлімет жарияланды.
"Бүгін, 22 қазанда әлеуметтік желілерде Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде түсірілген видео тарады. Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан үш пәтер бүлінген", - делінген хабарламада.
Telegram-дағы Kozachkov offside арнасындағы мәліметке сүйенсек, жарылыстан екі бала зардап шеккен. Ал оқиғаның алдын ала себебі – үйдің жертөлесінде газдың шығуы.
Төтенше жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Баспасөз қызметі хабарлағандай, Медеу ауданына қарасты Қаппаров көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде өртке ұласпаған газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін.
Әкімдік оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алғанын растады. Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілген, ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.
Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз