jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанадағы фитнес-орталықтардың бірінде өрт шықты

    Астанадағы фитнес-орталық
    Астанадағы фитнес-орталық. Фото: ҚР ТЖМ

    Астанада екі қабатты фитнес-орталықтың ғимаратында өрт шығып, құтқарушыларға 20 адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін елорданың Алматы ауданындағы Сәтбаев көшесі бойындағы екі қабатты фитнес-орталықтың жертөле бөлмесінде күштік кабель тұтанған.

    "Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар жертөле бөлмесінің қатты түтінге толғанын анықтады.

    Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады", - делінген хабарламада.

    ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеген. Зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram