jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкентте дүкендердің бірінен өрт шықты (видео)

    Өртенген дүкен
    Өртенген дүкен. Кадр: ТЖМ

    Шымкенттегі жергілікті дүкендердің бірінде тоқыма бұйымдары өртенді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлады.

    ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Шымкентте өрт сөндірушілер мата сататын дүкендегі өртті сөндірді.

    "Бүгін Шымкент қаласындағы "112" пультіне Әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан мата сататын дүкеннің ішінде тоқыма бұйымдарының жанып жатқаны анықталды.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт 30 шаршы метр аумақта сөндірілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram