jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада монша кешенінен өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды (видео)

    монша кешенінде шыққан өрт
    Монша кешенінде шыққан өрт. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Астанада монша кешенінен өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Астананың Сарыарқа ауданында, Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырынан өрт шықты. 10 шаршы метр аумақта желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалы мен электр кабельдері жанған.

    ТЖД қызметкерлері бірінші қабаттағы дәмхана мен бильярд залынан 60 келушіні қауіпсіз жерге эвакуациялады.

    Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен ажыратқаннан кейін өрт толық сөндірілді.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram