Петропавлда футбол манежінің биіктігі 16 метр шатырынан құлаған жұмысшы көз жұмды
Жарияланған күні:

Петропавлда құрылыс нысанынан құлаған 24 жастағы жұмысшы көз жұмды. Ол салынып жатқан футбол манежінің биіктігі 16 метр болатын шатырдан құлаған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға қаладағы стадиондардың бірінде болған. Мұнда жас спортшыларға арналған жабық футбол манежінің құрылысы аяқталып қалған. Белгісіз себептермен 24 жастағы жұмысшы 16 метр биіктіктен жерге құлаған.
Ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған. Алайда жансақтау бөлімінде жатқан науқасты дәрігерлер аман алып қала алмады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік еңбек инспекторы да тексеруге кіріскен.
Мамандар жұмысшының қандай міндет атқарғанын және нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын анықтайды.
"Науқасқа жіңішке ішектің жарақатына байланысты ота жасалды. Сондай-ақ нейрохирургтер тексерді. Науқастың бас сүйегі мен миы ауыр дәрежеде жараланған. Миы қатты зақымданған, бет сүйектерінің бірнеше жері сынған. Өкінішке қарай, мұндай ауыр жарақат алған науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп пікір білдірді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2448384-petropavlda-futbol-manezhining-shatyrynan-qulagan-24-zhastagy-zhumysshy-koz-zhumdy/