jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сәтбаевта тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

    Өрт сөндірушінің жабдығы
    Өрт сөндірушінің жабдығы. Иллюстрациялық фото: Perytskyy/Getty Images

    Сәтбаев қаласындағы төрт қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам, оның ішінде 8 бала жедел қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ТЖМ.

    Ұлытау облысының 112 пультіне Сәтбаев қаласындағы Ұлытау көшесінде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.

    "Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды.

    Құтқарушылар баспалдақ арқылы 17 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады", - делінген ведомство хабарламасында.

    Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram