Терезелер сынды, көліктер зақымданды: Атырауда жылыту қазандығында газ-ауа қоспасы жарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін таңертең Атыраудың Авангард-2 ықшамауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, жарылыстан кейін өрт шыққан жоқ.
Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД бөлімшелері жедел жетті.
Төтенше жағдай салдарынан қазандықтан 12 метр жерде орналасқан көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің терезелері және екі жеңіл көлік зақымданды.
Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында ТЖД, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция департаменті күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді.
Жедел қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2449424-terezeler-syndy-kolikter-zaqymdandy-atyrauda-zhylytu-qazandygynda-gaz-aua-qospasy-zharyldy/