Өскеменде тоңазытқыштың салдарынан тұрғындар эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Оған тоңазытқыштың жануы себеп болған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, өрт Тимирязев көшесінде орналасқан үйде шыққан. Оқиға кезінде пәтер иелері үйде болмаған.
Барлау жүргізу барысында өрт сөндірушілер тоңазытқыш бөлшектерінің жанып жатқанын анықтаған.
"Түтіннің таралуы тұрғындарға қауіп төндіргендіктен, құтқарушылар қауіпті аймақтан 14 адамды, оның ішінде бір баланы жедел эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды:
- тек жарамды электр құрылғыларын пайдалану;
- электр сымдарының жай-күйін қадағалау;
- үйден шығарда үздіксіз электр қуатын қажет етпейтін құрылғыларды желіден ажырату.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2449620-oskemende-tongazytqyshtyng-saldarynan-turgyndar-evakuatsiialandy/