jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қонаевта саунадан өрт шықты

    Қонаевтағы өрт
    Қонаевтағы өрт. Фото: t.me/qr_tjm

    Таңғы уақытта Қонаев қаласындағы Қапшағай көшесінде орналасқан алты қабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунадан өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, ТЖД бөлімшелері келгенге дейін адамдар ғимараттан өз бетінше сыртқа шыққан.

    70 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді.

    "Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - дейді ТЖМ өкілдері.

    Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды:

    • Электр сымдары мен жабдықтарының жарамдылығын қадағалаңыз.
    • Электр құрылғыларын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз.
    • Жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін сақтаңыз.
    • ️Эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеңіз.
    • Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram