Алматыда түлкіні қарғыбаумен жетектеп жүргендер ел назарына түсті (видео)
Жарияланған күні:

Желіде Алматы көшелерінің бірінде түлкіге қарғыбау тағып, жетектеп жүргендер ел талқысына түсті. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аталған оқиғаға қатысты комитеті тексеріс жасалып жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Threads әлеуметтік желісінде olya_kadralinova нигімен тіркелген пайдаланушысы видео жариялаған. Ондағы кадрлардан Алматы көшелерінің бірінде түлкіге ұқсайтын жануарды жетектеген ер адам кетіп бара жатқанын көруге болады. Ал жанындағы қыз ит жетектеп алған.
"Ер адам түлкіге қарғыбау тағып, жетектеп бара жатыр, ал жанында ит жетектеген қыз. Түк болмағандай. Не?! Түлкі?", - деп жазған автор.
Желідегілер аталған жазбаның астына көптеген пікір қалдырып, оқиғаны талқылап жатыр.
Экология министрлігі бұл жазбаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті видеожазба туралы ақпаратты қарастырып жатқанын жеткізді.
"Аталған дерек бойынша Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясына құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тиісті тексеріс жүргізіп, аталған мәселені қарастыру туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ түлкі жабайы жануар саналады және жануарлар әлемінің нысанына жатады. Оны басқа ортада ұстау үшін бекітілген тәртіпте тиісті рұқсат қажет", - делінген комитет өкілдері.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамасы жабайы аңдарды қоғамдық орындарда алып жүруге тікелей тыйым жоқ екені айтылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2450166-almatyda-tulkini-qargybaumen-zhetektep-zhurgender-el-nazaryna-tusti-video/