jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Орал өзені жағасында қамыс өртенді (видео)

    Оралда қамыс өртенді
    Оралда қамыс өртенді. Кадр: ТЖМ

    31 қазанға қараған түнде Атырау қаласы Дамба ауылынан шамамен 6 шақырым қашықтықта, Орал өзенінің жағалауында қамыс өртенді, деп хабарлады ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт ошағының көлікпен жетуге қиын аумақта орналасқаны және арнайы өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдардың жоқтығы анықталған.

    "Өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

    Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 1 гектар аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram