jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда кафе өртенді (видео)

    Алматыдағы кафеде шыққан өрт
    Алматыдағы кафеде шыққан өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Алматының Түрксіб ауданында екі қабатты кафе ғимаратынан өрт шықты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін, 1 қарашада таңертең болған.

    "Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте ғимараттың шатыры ашық жалынға оранған. Барлау барысында қосалқы бөлме мен шатырдың жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

    Өрттің көршілес ғимаратқа таралу қаупі болған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның көрші нысанға таралуына жол берілмеген.

    Сонымен қатар құтқарушылар жану аймағынан әртүрлі көлемдегі алты оттегі баллонын сыртқа шығарып, олардың жарылу қаупінің алдын алған.

    Өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram