jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы орталығында жеке тұрғын үйден өрт шықты (видео)

    өрт
    Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

    Алматының Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағынан өрт шықты. Жалын шаруашылық құрылыстан басталып, тұрғын үйге тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, Алматы гарнизонының күштері мен құралдары қаланың Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде болған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шаруашылық құрылыстан басталып, жеке тұрғын үйге таралған.

    Өртті сөндіру үшін оқпандар берілді. Автоцистерналар өрт гидранттарына қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

    Жағдай бақылауда. Ақпарат нақтылануда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram