jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада автокөлік өртенді: оған жақын тұрған тағы бір жеңіл көлікке зақым келді

    жеңіл көлік
    Өрт. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Бүгін таңертең Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде автокөлік толығымен отқа оранған. Жалынның жоғары температурасы салдарынан жақын маңда тұрған тағы бір автокөлікке зақым келген.

    Өрт сөндірілді. Оттың одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

    Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

    "Автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп, электр сымдары мен жанармай жүйесінің жарамдылығына назар аударыңыз. Осы талаптарды сақтау көлік құралының өртенуінің алдын алуға көмектеседі", - деп ескертті ТЖМ өкілдері қала тұрғындарын осы өрттен кейін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram