jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Баянауылда тікұшаққа оқ атылды: оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

    тікұшақ
    Тікұшақ. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Павлодар облысында орманды қорғау жұмыстарына пайдаланылатын тікұшақтың зақымдану дерегі бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты "Қазавиаорманқорғау" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны растады, деп хабарлайды kazinform.

    Әлеуметтік желілерде оқиғаның Баянауыл ұлттық паркінде болғаны туралы ақпарат тарады.

    Жарияланым авторларының мәліметінше, жергілікті қызметкерлердің бірі атыс қаруын қолданып, атылған оқ тікұшақтың құйрық бөлігіндегі тік тұрақтандырғышына тиген. Салдарынан әуе кемесінің аталған бөлігінде саңылау пайда болған.

    "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының мәліметінше, 1 қарашада орманды қорғау мақсатында пайдаланылатын әуе кемесінен зақымдану белгілері анықталған. Алайда оның нақты неден пайда болғаны әзірге белгісіз.

    "Аталған дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарының қарауында. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Тергеуге қатысты өзге де мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады", — деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

    Оқиғаның себептері мен тікұшақтың қалай зақымданғаны тергеу нәтижесінде белгілі болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram