Елордада құрылыс контейнері отқа оранды (видео)
Жарияланған күні:

Бүгін Астанада мобильді кеңсе ретінде пайдаланылған 40 тонналық контейнерден өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Астананың Сарайшық ауданында, Панфилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында мобильді кеңсе ретінде пайдаланылатын 40 тонналық контейнерден өрт шықты.
15 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2452371-elordada-qurylys-konteineri-otqa-orandy-video/