jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда ірі құрылыс алаңында ғимараттың екінші қабаты мен шатыры өртенді (видео)

    Құтқарушылар
    Құтқарушылар. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Алматыда салынып жатқан ғимараттағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматының Медеу ауданына қарасты "Зеленстрой" бау-бақша серіктестігінің аумағында салынып жатқан екі қабатты ғимараттан өрт шыққан.

    Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.

    ТЖМ бөлімшелері дереу өртті сөндіру және жалынның одан әрі таралуына жол бермеу жұмыстарына кіріскен.

    Өрт 150 шаршы метр аумақта толық сөндірілген.

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram