jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда асханадан өрт шықты: ғимаратта жеті газ баллоны болған

    өрт шықты
    Өрт. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Түнде Алматының Түрксіб ауданындағы асхана өртенді. Құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Рихард Зорге көшесіндегі өрт туралы хабар "112" шұғыл қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.

    "Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты. Оның бесеуінің көлемі 50 литр, ал екеуінің көлемі 20 литр болған. Осылайша қосымша қауіптердің алдын алды", - делінген хабарламада.

    Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram