Семейде жолаушылар автобусы өртенді (видео)
Жарияланған күні:

Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.
"Құтқарушылар дереу іске кірісіп, өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған", - дейді ТЖМ өкілдері.
ТЖМ көлік құралдарының техникалық жағдайын және электр жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2453484-semeide-zholaushylar-avtobusy-ortendi-video/