jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Орал тұрғыны ірі жол апатының құрбандарын ажалдан алып қалды

    : UGC

    Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев есімді азамат үш адамды ажал аузынан арашалап қалды. "Атырау-Орал" тас жолында болған жол апаты кезінде соғылған қос көліктің бірі суға батып кеткен.

    Ринат дереу қимылдап, көлік ішіндегі жолаушылардың үшеуін құтқарып алды. Өкінішке орай, төртінші кісі есін жия алмастан сол арада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің басшылығы осы батылдығы үшін Ринат Фардиевке арнайы алғыс хат тапсырды деп хабарлайды 24 арна.

    Сол оқиға болған күні Ринат кешкі сағат 20:00 шамасында Атыраудан Оралға қайтып келе жатқан екен. Жолда бұзылған көлігін жөндеп жатқан Ринат екі машинаның соғылған даусын естиді. Істеп жатқан жұмысын тастай салып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсету үшін жанұшыра жүгіреді.

    Бірақ, бір көлік бар да, екіншісі жоқ. Оның қайда кеткенін түсінбей, аңтарылып тұрып қалдым дейді ол.

    "Менің ойымша әрбір адам осылай істеуі керек. Өйткені, бір күні сол қиын жағдайға тап болған жандардың орнында өзің болуың да ғажап емес. Бір-бірімізге көмектесе алмасақ, біздің кім болғанымыз? Бәріміз де жолда жүрген жолаушымыз, сондықтан бір-бірімізге қарайласа жүрейік", - дейді Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев.

    Абырой болғанда төңкеріліп жатқан көліктің төрт дөңгелегі судан шығып тұрған. Жүргізушісі мен алдында отырған жолаушының жанталасып жатқанын көрген ол шапшаң қимылдап, екеуінің құрғаққа шығуына көмектеседі.

    Артқы орындықта ес-түссіз жатқан екі жолаушыны да өзі шығарып алған. Алайда бір кісі сол жерде тілге келместен көз жұмды.

    "Ринат Фардиевтің бұл ісін ерлік деп санауға болады. Азаматтық борышын орындады. Әрбір адам солай істеуі керек. Бірақ, әрбір адамның қолынан бұл келе бермейді", - деген пікірде облыстық ІІД әкімшілік полициясының аға инспекторы Нұртай Лезов.

    Ринат Ақсай қаласындағы жеке компаниялардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Өзі – Орал қаласының тұрғыны. Отбасын құрған, екі қызы бар.

    "Дегенмен, жол апаты болып жатқанда барлығын ұмытып кетеді екенсің. Бар ойым адамдарды құтқару ғана болды. Үйге келгенде бұл оқиғаны ешкімге айтқан жоқпын", - дейді Ринат.

    "Көлік ішіндегілердің аман екеніне көз жеткізген соң, жігіттерден екінші машинаның қайда кеткендігін сұрадым. Сосын көліктер соғылған жердегі ізді қарап, оның суда төңкеріліп жатқанын көзім шалып қалды. Жүгіріп келсем, адамдары тірі екен", - деп еске алады оқиғаның барысын Ринат Фардиев.

    Ринат – өте салмақты, томаға тұйық жігіт. Біз одан сол өзі құтқарып алған адамдар жайлы сұрадық. Бір емес, үш бірдей кісіні ажалдан арашалап қалдың, алғыстарын айтып, ризашылығын білдірген болар деген сұрағымызға, ірі жол апатынан кейін өз-өздеріне келе алмай отырған адамдар қапелімде не айтсын? Айтпаса, алдағы уақытта келіп, айта жатар. Келмесе де ренжімеймін деп күлімсіреді.

    Орал тұрғыны ірі жол апатының құрбандарын ажалдан алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.