jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Оралдық аурухананың бас дәрігері бағдаршамда әйелді қағып кетті (видео)

    : UGC

    Оралда 20 шілде күні "Жазира" аялдамасының маңындағы бағдаршамда әйел адамды көлік қағып кетті деп хабарлайды Мой ГОРОД порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Сурет: Мой Город
    Сурет: Мой Город: UGC

    Төтенше жағдай Жәңгір хан көшесінің бойында таңертең болған. 45 жастағы әйел бағдаршамнан өтіп бара жатып, "Ниссан" маркалы көліктің астында қалып қойған.

    "Біз үйлену тойына ауылға бара жаттық. Осы жерден жейде сатып алу үшін тоқтаған еді. Ол жолды өтіп бара жатты, сосын осындай болды", - дейді жапа шеккен әйелдің туысы.
    Сурет: Мой Город
    Сурет: Мой Город: UGC

    "Ниссан" жүргізушісі әйелдің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқандығын айтты.

    "Мен бағдаршамда, бірінші қатарда тұрдым. Қызыл түс жанып тұрған. Лезде жасыл жанып, мен жай қозғала бастадым. Бірақ адамдар жолдан өте бастаған. Мен олардың қызыл түске не үшін өтіп бара жатқандығына таң қалдым. Секундтан кейін ол менің капотымда жатты. Мен тоқтап үлгере алмай, оны басып кеттім. Жылдамдығым өте кіші болды. Мен ештеңені білмей қалдым. Мен өзім аудандық аурухананың бас дәрігерімін. Конференцияға келдім", - деді жүргізуші.
    Сурет: Мой Город
    Сурет: Мой Город: UGC

    Белгілі болғандай, көлік тізгінінде Теректі аудандық ауруханасының бас дәрігері болған.

    Қазір науқастың жағдайының ауырлығы орташа. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

    Оралдық аурухананың бас дәрігері бағдаршамда әйелді қағып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.